ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстандық фтизиатр дәрігерлер Самарқанд қаласында өткен конференцияға қатысты

2024 жылдың 5-6 сәуірінде Самарқанд қаласында «Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялар: ішкі медицинаға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты - кардиология, пульмонология, фтизиатрия, гастроэнтерология, ревматология, эндокринология және отбасылық медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.

Конференцияға онлайн форматта ҚР ҰФҒО ғылыми қызметкері Мерей Шапекова және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық фтизиопульмонология орталығының МжБ тобының жетекшісі Альбина Түрленова қатысты. Қазақстандық мамандар «Пациенттердің туберкулез инфекциясын диагностикалау және емдеу қызметтерінен бас тарту себептері» және «Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар арасында туберкулез инфекциясының таралуы» тақырыптарында баяндамалар жасады. Бұл баяндамалар Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша ЖҚ гранттық іс-шараларын іске асыру шеңберінде дайындалды. Ұсынылған ақпарат практикалық мәнге ие болды және тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.

Конференция ғылыми деректермен және клиникалық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді, бұл денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында инновацияларды кеңінен енгізуге ықпал ететіні сөзсіз.

 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)