Орталық туралы ақпарат
Ұлттық Оқу орталығы (бұдан әрі - ҰОО) фтизиатриялық мекемелер мен МСАК желісінің дәрігерлік және орта медициналық персоналы үшін өзекті фтизиопульмонология мәселелері бойынша қосымша және бейресми білім беруді жүзеге асырады.
ҰОО мақсаты медиктердің өз лауазымдық міндеттерін орындауын жақсарту үшін фтизиатриялық қызметтің барлық аспектілері бойынша медицина персоналының (немесе медицина қызметкерлерінің) және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы әкімшілердің әртүрлі нысаналы топтарын оқыту болып табылады.
ҰОО өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің заңдары мен бұйрықтарын, Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаны, сондай-ақ ҚР ҰФҒО жанындағы Ұлттық Оқу орталығы туралы Ережені басшылыққа алады.
ҰОО негізгі міндеттері:
- Еліміз бойынша медициналық және әкімшілік персоналды оқыту қажеттілігіне тұрақты бағалау жүргізу;
- Туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқу бағдарламаларын және ақпараттық-әдістемелік, білім беру материалдарын әзірлеу;
- Тренерлерге, медицина қызметкерлерінің әртүрлі нысаналы топтарына, денсаулық сақтау саласындағы әкімшілерге фтизиатриялық қызметтің барлық аспектілері бойынша оқыту семинарларын, тренингтерді өткізу;
- Педагогикалық және тренерлік құрамының жұмыс сапасына мониторинг және бағалау жүргізу, жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- Оқу және білім беру іс-шараларының сапасын арттыру мәселелері бойынша үкіметтік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- Фтизиатрия, пульмонология және медицинаның басқа да аспектілерінің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау бойынша съездерді, пленумдарды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға қатысу.
Халықаралық серіктестермен бірлесіп қосымша және бейресми білім беруді іске асыру жөніндегі ақпарат
№ |
Ұйымның атауы |
2022 ж. оқығандар саны |
2023 ж. оқығандар саны |
1 |
Ұлттық оқу орталығы |
1 448 |
1 357 |
2 |
ЖҚ ЖАГ |
821 |
1 679 |
3 |
Денсаулық үшін серіктестер |
197 |
378 |
4 |
USAID |
391 |
291 |
Барлығы: |
2 857 |
3 705 |
ҚР ҰФҒО ҰОО штаты:
Біздің байланыс: