ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Тыңдаушыларға арналған ақпарат

ҚР ҰФҒО ҰОО базасында ақылы негізде оқудан өту шарттары мынандай:

1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР ҰФҒО-мен шарт жасасу;

2. ҚР ҰФҒО-мен шарт жасасқаннан кейін Тапсырыс беруші ҰОО-ға тыңдаушылардың мынандай құжаттарын жіберуі тиіс:

2.1.  Ұйымнан қолдаухат;

2.2.  Әрбір тыңдаушының жеке куәлігінің көшірмесі;

2.3.  Білімі туралы диплом;

2.4.  Соңғы 5 жылдағы біліктілікті көтеру туралы куәлік;

2.5.  Қайта даярлау (сертификаттау курсы) туралы куәлік;

2.6.  Маман сертификаты;

2.7.  Интернатураны бітіргені туралы куәлік;

2.8.  Резидентураны/ординатураны бітіргені туралы куәлік;

2.9.  Тыңдаушының сауалнамасы (қоса беріледі), тыңдаушы электронды нұсқада толтырады;

2.10. Жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан бұйрық.

3. Тыңдаушылардың құжаттарын алғаннан кейін Орындаушы ұйым тыңдаушыларды кестеге қосады және бұл туралы Тапсырыс берушіге хабарлайды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)