ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

№1 Дәріге төзімді өкпе туберкулезін емдеу бөлімшесі

Бектасов Сағит Жұбатханұлы

Бөлімше басшысы, медицина ғылымдарының магистрі, жоғары санаттағы дәрігер.

Бөлімше 80 төсектік жұмыс орны болып табылады, ол көптеген дәріге төзімді өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарды емдеуге маманданған, ал 2008 жылдан бері эпидемиологиялық тұрғыдан ең қауіпті ауқымды дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуді бастады. Бөлімшеде, негізінен, еліміздің барлық өңірлерінен ауыр ілеспе патологиялары бар және дәрілік ауруы бар КДТ және АДТ туберкулезбен ауыратын науқастар ем алады. Осыған қарамастан, бөлімше бойынша науқастарды емдеудің стационарлық емдеу кезеңінің тиімділігі жоғары және КДТ туберкулезбен ауыратын пациенттер арасында 89,6% құрайды.

Бөлімше жұмысы туберкулездің кең таралған және ауыр түрлерімен ауыратын, сондай-ақ қосалқы патологиясы (қант диабеті, бауыр, бүйрек аурулары және т.б.) бар, дәрілік препараттарға төзбейтін (уытты гепатит, аллергия және т.б.) науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге бағытталған.

Инфекциялық бақылау стандарттары бойынша бөлімше екі аймаққа бөлінген: бациллярлы және бациллярлы емес науқастарға арналған. Бөлімшеде 32 палата бар, олардың әрқайсысы 2-3 пациентке есептелген, 20 төсек ауқымды дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастар үшін көзделген, оларда себезгі және санитариялық торап болады. Бөлімше ішке сору-сыртқа тарту желдеткішімен жабдықталған.

Бөлімшеде 6 дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде бөлімше басшысы да бар, соның ішінде жоғары санатты – 5 дәрігер, 1-ші санатты – 1 дәрігер; 16 мейіргер, оның ішінде жоғары санатты-100%; 15 кіші медицина қызметкері жұмыс істейді. Бөлімше басшысының академиялық дәрежесі бар - медицина ғылымдарының магистрі, сонымен қатар бөлімшеде бір докторант және екі магистрант жұмыс істейді.

Профессор Ш.Ш. Исмаиловтың тікелей басшылығымен бөлімше қызметкерлері мультирезистентті туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуде химиотерапияның жаңа тиімді режимдерін әзірледі және республиканың барлық туберкулезге қарсы күрес қызметінің фтизиатрлары практикада қолданатын нормативтік құжаттарды, нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдарды шығарды. Туберкулезге қарсы препараттарға жанама реакцияларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленді. Коллапсотерапиялық әдістердің тиімділігі зерттелді, плевриттердің дифференциалды диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізілді.

М.ғ.к. Э.А. Берикованың басшылығымен КДТ және АДТ ТБ емдеудің жаңа режимдері жасалды, бүкіл елге таратылды. Бөлімше халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда, АҚШ Гарвард медициналық мектебінің "Денсаулық жолындағы серіктестер" үкіметтік емес ұйымымен тығыз ынтымақтастық етеді.

Қазіргі уақытта бөлімшені м.ғ.м. С.Ж. Бектасов басқарады, оның басшылығымен "ҚР-да РТ-ТБ-ны тек пероральды құралдармен ғана емдеудің түрлендірілген қысқа мерзімді схемаларын жедел зерттеу" енгізілуде, тренингтер өткізіледі, ОДКК-ға қатысады, бүкіл елге тарата отырып, мКРЛ-ге науқастарды іріктеп алу жүргізіледі. Халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда, "Денсаулық жолындағы серіктестер" үкіметтік емес ұйымымен ынтымақтастық етеді.

КДТжәне АДТ ТБ науқастарын жаңа (бедаквилин, деламанид) және қайта бейінделген (клофазимин, имипенем/циластатин, линезолид) туберкулезге қарсы препараттармен емдеу бойынша еnd TB пилоттық жобасы 2016 жылғы ақпанда басталды. Бүгінгі таңда 675-тен астам (еnd TB) пациент туберкулезге қарсы жаңа препараттармен емделді. Алдын ала нәтижелер бойынша емдеу тиімділігі 80,2% құрайды. Осы жоба аясында КДТ ТБ емдеудің әртүрлі жаңа қысқа мерзімді схемаларына мультиорталықты клиникалық зерттеу де жүргізіледі.

Бөлімше С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ Фтизиатрия және пульмонология кафедрасы үшін, сондай-ақ дәрігерлерді жетілдіру курстарының тыңдаушылары үшін клиникалық база болып саналады.

Бөлімше мамандары өз зерттеулері мен халықаралық ұсынымдарды талдау негізінде нормативтік-құқықтық актілерді, клиникалық нұсқаулықтарды және дәріге төзімді туберкулезді емдеу жөніндегі хаттамаларды әзірлейді. Өздері әзірлеген оқу бағдарламаларымен еліміздегі мамандарды К/АДТ ТБ науқастарына қарау жөнінде үнемі оқытып отырады.

Бөлімше мамандары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға белсене қатысады, ғылыми басылымдарға үнемі мақала жариялайды, өңірлерге мониторингтік сапарларға шығып, ғылыми және практикалық көмек көрсетеді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)