Қабылдау-консультация беру бөлімшесі
Галиева Құралай Белтукенқызы
Бөлімше басшысы, жоғары санаттағы фтизиатр дәрігер.ҚР ҰФҒО қабылдау-консультация беру бөлімшесі мынадай бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- балаларда, жасөспірімдерде және ересектерде тыныс алу мүшелері мен өкпеден тыс локализация туберкулезінің амбулаториялық диагностикасы;
- туберкулез белсенділігін анықтау;
- туберкулезбен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау;
- инвазивті хирургиялық диагностиканы жүзеге асыру.
Пациенттерді қабылдауды жоғары білікті мамандар жүзеге асырады: фтизиатрлар (жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер, 1 - медицина ғылымдарының кандидаты), окулист - медицина ғылымдарының кандидаты.
Бөлімшеде барлық заманауи диагностика әдістерінің толық арсеналы бар, соның ішінде: кеуде қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы, эндоскопиялық әдістер (биопсия кешені бар фибробронхоскопия). МБТ-ға қақырық талдауларын немесе басқа патологиялық материалды зерттеулер үлкен көлемде жүргізіледі (жағынды микроскопиясы, өсірінді зерттеулер, G-Xpert).
Пациенттерді тексеруде инновациялық тәсілдерді қолдану әртүрлі мүшелер мен жүйелердің туберкулезді қабынуын ерте кезеңде диагностикалауға мүмкіндік береді. Бөлімшеде пациенттерге қызмет көрсетудің және оларды диагностикалау тиімділігін арттырудың оңтайлы нұсқаларын іздеуді үнемі қарастырады.
Бөлімшеде өңірлік диспансерлердің жолдамасы бойынша келген пациенттерге тегін кешенді білікті тексеру жүргізіп, емдеуге жатқызады.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды қабылдау және емдеуге жатқызу жоспарлы түрде тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымдардан жолдама бойынша, жеке кодымен, Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.
ҚР ҰФҒО қабылдау-консультация беру бөлімшесінің басты мақсаты -Қазақстан Республикасының барлық пациенттеріне заманауи және сапалы медициналық көмек көрсету.
ҚР ҰФҒО қабылдау-консультация беру бөлімшесінің қызметі фтизиатриядағы үздік әлемдік жетістіктерден тұратын дәрігерлік шеберлік дәстүрлерге негізделген.