ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Болашақ мамандардың медициналық сауаттылығын арттыру

Туберкулезге қарсы айлық аясында дәріге төзімді өкпе туберкулезін емдеу №1 бөлімшесінің дәрігерлері – Истелюева М.Б., Жакимбаева А.Д., Нұржанова Е.М., Жанабаева Л.И., Даутова О.М. – профессор Рузуддинов атындағы Жоғары медициналық-стоматологиялық колледжінің студенттеріне дәрістер өткізді.

Дәрістер барысында студенттерге аурудың жұғу жолдары, заманауи диагностикалау әдістері, алдын алу шаралары, сондай-ақ туберкулезді ерте анықтаудың маңыздылығы туралы толық мәлімет берілді.

Болашақ мамандардың медициналық сауаттылығын арттыруға және өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Студенттер аурудың негізгі белгілерімен, алдын алу шараларымен және жеке бас гигиенасының ережелерімен таныстырылды.

Жалпы саны 150-ден аса студент қамтылды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)