1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Бұл күн – татулық пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің мерекесі. Әр ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, ортақ болашақты бірге құрып келеді.
Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақтың, өзара сенім мен құрметтің айқын көрінісі. Халқымыздың бірлігі мен ауызбіршілігі – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылықтарының бірі.
Бүгінде түрлі этнос өкілдері ортақ мақсат жолында еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Бірлік пен татулық – жарқын болашақтың, берекелі өмірдің кепілі.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке, отбасыларыңызға қуаныш пен шаттық тілейміз!
Елімізде әрдайым тыныштық пен ынтымақ орнасын! Бірлігіміз бекем болсын!