ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Жаңа Конституция – мемлекеттілікті нығайтудың, демократияны дамытудың және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың берік негізі

Құрметті отандастар!

Бүгінгі күн еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы ретінде тарихқа мәңгі енеді. Жаңа Конституция – мемлекеттілікті нығайтудың, демократияны дамытудың және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың берік негізі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей:

«Бұл — егеменді Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің басталуы. Біз ілгерілемелі прогрестің, саяси және экономикалық реформалардың, ауқымды жаңғыртудың басты жолына шығамыз».

Жаңа Конституция денсаулық сақтау саласындағы: базалық медициналық көмектің қолжетімділігі, денсаулық сақтау жүйесін тұрақты қаржыландыру, аурулардың алдын алуға басымдық беру, дұрыс емес ақпараттан қорғау, ана мен баланы қолдау, медицина ғылымы мен технологияларын дамыту т.с.с. маңызды кепілдіктерді бекітеді.

Туберкулезбен ауыратын науқастарға қатысты мемлекеттің барлық кепілдіктері сақталады: диагностика, емдеу және госпитализациялау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы ғасырға жуық уақыт бойы туберкулезбен күресте елдің жетекші мекемесі болып қала береді. Жаңа Конституция осы бағыттың құқықтық растамасы: әрбір науқастың өмірі мен денсаулығы — біздің басты міндетіміз және мемлекеттің ең жоғары құндылығы.

 

Еліміздің дамуындағы жаңа кезеңмен барлығыңызды құттықтаймыз! 🇰🇿
Бәрімізге бейбітшілік, әл-ауқат және өркендеу тілейміз!
 
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)