ҚР аумағында ДТ ТБ қысқа мерзімді ДҚбМ емдеу режимін (BPal M/ BPal) енгізу және кеңейтудің өзекті мәселелері

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 11.04.2025 жылғы № 35 бұйрығына және ДДСҰ-ның «ДТ ТБ емдеу» Нұсқаулығына сәйкес, ҚР ҰФҒО ДТ ТБ (BPalM/BPa, mKRLl) қысқа мерзімді емдеу режимдерін кеңейту бойынша аймақтық командалардың әлеуетін көтеру мақсатында өңірлерде «ҚР аумағында ДТ ТБ қысқа мерзімді ДҚбМ емдеу режимін (BPal M/ BPal) енгізу және кеңейтудің өзекті мәселелері» тақырыбында аймақтық деңгейде тренингтер тізбегі басталды.
Тренингтерді «Денсаулық сақтау жолындағы серіктестер» мамандарының және Жаһандық қордың «Туберкулез» құрамдас бөлігі грант жобасының аясында ҚР ҰФҒО ұйымдастырды. Алғашқы тренингтер 2025 жылдың 29 мамырында Алматы қаласында ҰФҒО мамандары үшін, Қарағанды облысында фтизиатрлар, фтизиатрлар үшін өткізілді, ал 2025 жылдың 2 маусымынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай және Қызылорда облыстарында осындай тренингтер басталды.
Тренингке қатысушылар ДДСҰ ұсынымдары бойынша ДТ ТБ емдеудің жаңа мүмкіндіктерімен және заманауи тәсілдерімен, сондай ақ 3 пилоттық өңірдегі BPal режимін жедел зерттеудің аралық нәтижелерімен танысады. Халықаралық клиникалық зерттеулердің негізгі нәтижелерінің салыстырмалы талдауынан хабардар болады. Тренингтер түрлі жағдайларда әрекет ету және сұрақ-жауап форматынан құралған интерактив режимде өтеді.