Резиденттермен кездесу өтті
2026 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында 1-курс резиденттерімен Оқу орталығының, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері және эпидемиология мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
2026 жылы ҰҒФО ҚР-ның резидентурасына сұранысқа ие бағыттар бойынша 19 жас маман қабылданды. Олар «Ересектер, балалар фтизиатриясы», «Ересектер, балалар пульмонологиясы» және «Радиология» бағыттары бойынша білім алатын болады.
Кездесу барысында резиденттер Орталықта қолданыстағы инфекциялық, өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптары мен ережелерімен танысты.
Сонымен қатар, Оқу орталығының мамандары ҰҒФО ҚР-ның академиялық саясаты туралы толық ақпарат беріп, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерді түсіндірді. Сондай-ақ қажетті оқу құжаттарын тапсыру және қол қою мерзімдеріне назар аударылды.
Мұндай кіріспе кездесулер жаңа резиденттердің оқу ортасына бейімделуіне, Орталықтың талаптары мен ішкі тәртіп ережелерімен танысуына және оқу жылының алғашқы күндерінен бастап білім алу процесін тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Жаңа резиденттерге сәтті оқу, кәсіби өсу және жоғары жетістіктер тілейміз!