ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«Қазақстан Республикасында туберкулез, туберкулез инфекциясы жағдайларын басқару» республикалық семинар-тренингі

2025 жылғы 5-6 наурызда Алматы қаласында Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша 2023-2025 жылдарға арналған грант жобасын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасында туберкулез, туберкулез инфекциясы жағдайларын басқару» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтуде.

ҚР ҰФҒО, ЖҚ ЖІАТ және ҚР ҚДСҰО ұйымдастырған семинар-тренинг аралас (оффлайн/онлайн) форматта өтіп жатыр. Іс-шараға ҚР ДСМ ҰФҒО, ҚР ҚДСҰО, облыстық және қалалық ФПО басшылары мен СЭБД басшыларының орынбасарлары қатысуда. 

Бұл семинар-тренингтің мақсаты –  туберкулез ошақтарында сапалы және уақтылы эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, балалар мен ересектер арасында алдын алу шараларын жүргізу үшін фтизиопульмонология орталықтарының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің және алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісінің өзара әрекет етуін жақсарту. Жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 10.02.2025 жылғы № 78 хаттамалық нұсқауына жауап ретінде негізгі проблемалық мәселелерді талқылап, олар бойынша шешім қабылдайды. 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)