Ұлы ақынға тағзым

2025 жылдың 5 маусымында ҚР ДСМ ҰФҒО қабырғасында ұлы ақын, ағартушы, жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуының қарсаңында «Ұлы ақынға тағзым» атты мерекелік іс-шара өтті. Әдеби байқау түрінде өткен іс-шараның мақсаты –ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттау.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан қаншалықты хабардар екенін көрсетсе, 2-кезеңде Абай Құнанбайұлының бір өлеңін не қара сөзін мәнерлеп жатқа оқып жарысты. 3-кезең мақал-мәтелді жатқа білуге арналса, «Сөз сайысы» деп аталған 4-кезеңде қатысушылар Абай Құнанбайұлының даналық сөздерін қаншалықты көп білетінін паш етті.
Конкурсқа №6 өкпеден тыс туберкулезді және көптеген дәріге төзімді туберкулезді хирургиялық емдеу бөлімшесінің хирургы Ербол Көпбаев, №2 дәріге төзімді өкпе туберкулезін емдеу бөлімшесінің дәрігері Тұңғыш Кесебаев, №1 дәріге төзімді өкпе туберкулезін емдеу бөлімшесінің санитары Назым Игілікова, №7 өкпе туберкулезін және көптеген дәріге төзімді туберкулезді хирургиялық емдеу бөлімшесінің мейіргері Гүлбаршын Бекбатырова, персоналды басқару бөлімінің аға инспекторы Кәмшат Ахметова қатысты. Байқау нәтижесінде бірінші орынды Камшат Құрманқызы жеңімпаз деп танылды. Екінші орынды Назым Мәулетханқызы, үшінші орынды Гүлбаршын Оразақынқызы иеленді.