ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰФҒО-да 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндаманың қорытындылары талқыланды

3 тамызда ҚР ҰФҒО Комплаенс-бақылау қызметі Орталық ұжымын 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндаманың негізгі қорытындыларымен таныстырды.

Баяндама Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 17-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру нәтижелерін көрсетеді. Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету және заманауи халықаралық стандарттарды енгізу салаларындағы негізгі жетістіктер қамтылған.

Кездесу барысында қызметкерлер баяндамада көрсетілген негізгі тұжырымдармен және мемлекеттік ұйымдар үшін практикалық маңызы бар қорытындылармен таныстырылды.

ҚР ҰФҒО-ның дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фтизиопульмонологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы стратегиялық рөлін ескере отырып, Орталықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Бұл бағыттағы негізгі тетіктердің бірі — Комплаенс-бақылау қызметінің жұмысы. Қызмет мамандары Орталықтың қазіргі қызметкерлерімен қатар, жұмысқа орналасуға үміткер кандидаттармен де міндетті жеке әңгімелесулер өткізеді.

«ҚР ҰФҒО-да заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділік мәдениеті қалыптасуда. Медициналық ғылым мен емделуге арналған квоталарды бөлу үдерістері барынша ашық әрі айқын болуы тиіс. Кандидаттар мен қызметкерлер бір нәрсені нақты түсінуі керек: пациент пен мемлекет алдындағы адалдық — біздің Орталықтағы жұмыстың басты өлшемі», — деп атап өтті ҚР ҰФҒО директоры Әденов Мәлік Молдабекұлы.

Еске саламыз: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы және комплаенс-бақылау мәселелері бойынша қызметкерлер ҚР ҰФҒО Комплаенс-бақылау қызметіне хабарласа алады:

ішкі телефон: 11030

WhatsApp: +7 (701) 271-74-17

Қызмет басшысы: Түзелбаев Нұрлан Аскербекұлы.

 

   Сондай-ақ оқыңыз:

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)