Ақмола облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізілді
2026 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Ақмола облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізілді. Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҚР ҰФҒО) және Жаһандық қордың ГРП мамандары Ақмола облысындағы 10 медициналық және әлеуметтік ұйымға барды.
Мониторинг барысында туберкулездің алдын алу, ерте анықтау, диагностикалау және емдеу бағыттары бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуына бағалау жүргізілді.
Пациенттерге медициналық көмек көрсетудің сапасына, туберкулезді диагностикалау және емдеудің белгіленген тәсілдерінің сақталуына, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралардың ұйымдастырылуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар мамандар облыстың медициналық ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіп, жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар берді.
2026 жылғы 3 шілдеде Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында басқарма бөлімінің басшысы С.Е. Толукбаевтың төрағалығымен қорытынды кеңес өтті.
Кеңеске Жаһандық қордың ГРП менеджері Ш.Ш. Исмаилов, ҚР ҰФҒО мамандары, сондай-ақ республикалық және облыстық мамандар қатысты.

Қорытынды кеңес барысында мониторинг нәтижесінде анықталған негізгі проблемалық мәселелер қаралып, Ақмола облысының туберкулезге қарсы қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды.
Кездесу қорытындысы бойынша туберкулездің алдын алу, оны уақтылы анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.
Мұндай мониторингтік сапарлар денсаулық сақтаудың республикалық және өңірлік деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, туберкулезге қарсы медициналық көмектің сапасын арттыруға және аурудың алдын алу мен бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.