ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰФҒО 2026–2027 оқу жылына резидентураға қабылдау жүргізілетінін хабарлайды

Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша резидентураға құжат қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Талапкерлерге келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндігі ұсынылады:

  • Фтизиатрия (ересектер, балалар) — оқу мерзімі 2 жыл;
  • Пульмонология (ересектер, балалар) — оқу мерзімі 2 жыл;
  • Радиология — оқу мерзімі 2 жыл.

ҰФҒО-да білім алу жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам мен тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен сапалы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мүмкіндік береді.

ҰФҒО-да оқудың артықшылықтары:

жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам;

тәжірибелі тәлімгерлер мен практикалық мамандар;

заманауи клиникалық база;

диагностика мен емдеудің озық инновациялық технологияларына қолжетімділік;

кәсіби және ғылыми тұрғыдан даму мүмкіндігі.

Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін еліміздің жетекші ғылыми-медициналық орталығымен бірге кәсіби мансап жолын бастап, біліктілігін арттыруға шақырады.

Қосымша ақпарат:

М. Қайдаулов, Оқу орталығының жетекшісі

Тел.: +7 747 627 62 67

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)