ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстанда өкпе ауруларын емдеуде торакалдық хирургия саласында инновациялық аз инвазивті әдіс алғаш рет енгізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында алғаш рет инновациялық әдіс –видеоторакоскопиялық хирургия (VATS) аясында периареолярлық қолжетімділік арқылы өкпе резекциясы сәтті енгізіліп, қолданылды.

Операция өкпе туберкуломасы бар науқасқа жасалып, асқынусыз өтті.

Хирургиялық араласуды хирургия бөлімшесінің басшысы – Жасулан Ибраев жүргізді.

Периареолярлық қолжетімділікті қолдану келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

  • хирургиялық жарақатты барынша азайту;
  • операциядан кейінгі ауырсыну синдромының айқындылығын төмендету;
  • оңтайлы косметикалық нәтижеге қол жеткізу.

Аталған технология медициналық көмекті көрсетудің халықаралық стандарттарына және операциядан кейінгі науқастарды жедел қалпына келтіру тұжырымдамасының (Enhanced Recovery After Surgery, ERAS) қағидаттарына сәйкес келеді. Бұл тәсіл әлемнің жетекші медициналық орталықтарында кеңінен қолданылады.

Осындай жоғары технологиялық араласуларды енгізу Қазақстан Республикасында аз инвазивті торакалдық хирургияны дамытудағы маңызды қадам болып табылады және халыққа көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Алдағы кезеңде аталған әдісті одан әрі енгізу, бірқатар операциялар жүргізу және олардың клиникалық нәтижелеріне ғылыми талдау жасау жоспарлануда. Технология кезең-кезеңімен еліміздің өңірлеріндегі медициналық ұйымдарда енгізілетін болады.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)