Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың 4 айындағы туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша мониторинг және бағалау қорытындылары
2026 жылғы 8–12 маусым аралығында ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҰФҒО) және Жаһандық қор грантын іске асыру тобының (ЖҚ ГРТ) мамандары Шығыс Қазақстан облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына жоспарлы мониторинг және бағалау жүргізді.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында облыстың 10 медициналық және медициналық емес ұйымына бару жүзеге асырылды. Мониторинг барысында облыс бойынша және жекелеген медициналық ұйымдар бөлінісінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, ауруды анықтау, диагностикалау, емдеу және алдын алу көрсеткіштері бағаланды.
2026 жылғы 12 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығының базасында онлайн және офлайн форматта 2026 жылдың алғашқы 4 айының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыруға жүргізілген мониторинг пен бағалау нәтижелеріне арналған кеңес өтті.
Кеңес Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Қ. Қапанованың төрағалығымен өтті. Іс-шараға ҚР ҰФҒО директоры М.М. Әденов, ЖҚ ГРТ менеджері Ш.Ш. Исмаилов, облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Р.С. Сафиоллионова, ҚР ҰФҒО және ЖҚ ГРТ мамандары, республикалық және облыстық мониторинг және бағалау топтарының өкілдері, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының басшылары мен фтизиатр дәрігерлері қатысты.
Кеңес барысында облыстың медициналық ұйымдарында туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асырудың өзекті мәселелері қарастырылып, медициналық қызметкерлердің даярлық деңгейіне ерекше назар аударылды. Жүргізілген супервизия қорытындылары бойынша түзету іс-шаралары жоспарын әзірлеу және іске асыру жөнінде келесі ұсынымдар берілді:
- тұрақты оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу;
- бейінді мамандар тарапынан тәлімгерлік жұмыстарды күшейту;
- медициналық қызметкерлердің туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасына жауапкершілігін арттыру.
Аталған шараларды іске асыру өңірде медициналық көмектің сапасын арттыруға және туберкулезге қарсы жұмыстың тиімділігін күшейтуге бағытталған.