Туберкулез күніне арналған кездесу
ҚР ДСМ ҰҒФО Дифференциалды диагностика бөлімінің қызметкерлері Қайранбаева А., Аймағамбет М. 18.03.2026 күні Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен Дүниежүзілік туберкулез күніне арналған кездесу өткізді.
Кездесу барысында туберкулездің ерте белгілері, диагностикасы, жыл сайынғы флюорографиялық тексерулердің (ФГ) маңыздылығы және емдеу жолдары туралы дәріс оқылды.
Сонымен қатар, қатысушылар туберкулез инфекциясы, оны анықтау, диагностикалау және алдын алу шаралары туралы ақпаратпен таныстырылды.
Іс-шараға 120 адам қатысты.
Пайдалы ақпарат
Біз әлеуметтік желідеміз
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.