Ақтөбе облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың мониторингі мен бағалауы жүргізілді
2026 жылғы 1–5 маусым аралығында Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандары мен Жаһандық қор жобасын іске асыру тобының өкілдері туберкулезге қарсы іс-шараларға мониторинг және бағалау жұмыстарын жүргізді.
Іссапар аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен кездесу өтіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын, стационарларды, туберкулезге қарсы қызмет мекемелерін, қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарын және әлеуметтік сектор мекемелерін қамтитын кешенді мониторинг жүргізілді. Сонымен қатар пациенттерге консультациялар беріліп, хирургиялық емдеуге іріктеу жүргізілді және негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерге талдау жасалды.

2026 жылғы 5 маусымда Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Б. Сұлтангереевтің төрағалығымен онлайн және офлайн форматта қорытынды кеңес өтті. Кеңеске ҚР ҰФҒО директоры М.М. Аденов, Жаһандық қор жобасын іске асыру тобының менеджері Ш.Ш. Исмаилов, медициналық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ ҚР ҰФҒО мен Жаһандық қор жобасын іске асыру тобының мамандары қатысты.
Кеңес барысында эпидемиологиялық көрсеткіштердің өсу қаупі, мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері талқыланып, оларды төмендету бойынша ұсыныстар әзірленді.
Іссапар барысында өңір мамандарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетіліп, жұмыс орындарында оқыту іс-шаралары мен клиникалық жағдайларды талдау жүргізілді.