ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«Туберкулёздің алдын алу» тақырыбында дәрістер циклін өткізілді

18–19 наурыз күндері туберкулёзбен күрес айлығы аясында ҚР ДСМ ҰҒФО ЛТО-3 бөлімшесінің меңгерушісі Майра Жаппаркулова Қалалық №4 емханада және Сүлейман Демирел атындағы университетте «Туберкулёздің алдын алу» тақырыбында дәрістер циклін өткізді.

Сүлейман Демирел атындағы университетте (СДУ) 30-дан астам студент қамтылды. Іс-шара барысында Қарасай ауданының СЭС өкілдерімен бірлесіп ақпараттық брошюралар таратылып, «Туберкулёз туралы не білу керек?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер аурудың алдын алу шараларымен, гигиена ережелерімен және негізгі белгілерімен таныстырылды.

Осыған ұқсас дәрістер қалалық емханада да өткізілді, онда 30-дан астам адам қамтылды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)