ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция.

2024 жылдың 20 наурызында Алматыда «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған, халықаралық өкілдердің қатысуымен  Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны ҚР ҰФҒО, «Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» ҚБ, Жаһандық қордың Қазақстан Республикасындағы 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын іске асыру тобы, сондай ақ «Денсаулық жолындағы серіктестер» үкіметтік емес ұйымының өкілдігі, «Қазақстанда туберкулезді тоқтатайық» Ұлттық серіктестігі, «MAD Consulting» ҚҚ, «АИТВ-мен өмір сүретін қазақстандықтардың одағы» ЗТБ ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – 2024 жылғы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранына сәйкес заманауи сын-қатерлерге бәріміз жұмыла тиімді қарсы тұру қажет екенін еске салу.

Жиынды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Иманғалиева алғысөзбен ашты.

ҚР ҰФҒО директоры Мәлік Әденов Қазақстанның әлемдегі туберкулезге қарсы күреске қосқан үлесі туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, ҚДжИАҒО клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Сайранкүл Қасымбекова АИТВ және туберкулезге қарсы қызметтердің бірлесіп әрекет етуінің маңызы, жетістіктері мен бұл бағыттағы жұмыстарды жақсарту мүмкіндіктері жайлы баяндады.

Конференцияға  туберкулезбен ауыратын адамдар да қатысып, өздерінің аурумен күрестегі жетістіктерін ортаға салды.

Туберкулезбен күресте үкіметтік емес ұйымдардың маңызы ерекше. Туберкулез науқастарын анықтау және емдеуден бас тартқандарды емге қайтарудағы  ҮЕҰ үлесі туралы «Мейірімді жол» қоғамдық қорының үйлестірушісі Мадияр Әбділов айтып берді.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің №17 қалалық емханасының мамандандырылған қызметтерді біріктіру бөлімінің меңгерушісі Гүлсара Сүлейменова туберкулезді анықтау және емдеудегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінің жетістіктерін атап өтті.

Конференция барысында халықаралық серіктестер де сөз алды. ДДСҰ-ның туберкулез және ДТ ТБ бойынша аймақтық кеңесшісі Асқар Еділбаев «ДДСҰ Еуропалық аймағында туберкулезді жою үшін негіз құру: 2023-2030 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспары.» тақырыбында баяндама жасады. StopTB Жаһандық серіктестігінің  Хатшылығы(Женева) Аймақтық кеңесшісі Андрей Мошняга  StopTB Жаһандық серіктестігінің мақсаттары мен міндеттері және EndTB стратегиясын жүзеге асыру жолдары туралы айтты.

Конференция соңында барлық қатысушыға  сертификаттар табыс етілді. 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)