ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласында ҚР ДСМ ҰҒФО базасында «Иә! Біз туберкулёзді жеңе аламыз: ғылым, инновациялар және Қазақстанның көшбасшылығы»

Алматы қаласында ҚР ДСМ ҰҒФО базасында «Иә! Біз туберкулёзді жеңе аламыз: ғылым, инновациялар және Қазақстанның көшбасшылығы» атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Дүниежүзілік туберкулёзге қарсы күрес күніне және ҚР Ғылым күніне орай ұйымдастырылды.

Конференция фтизиатрия саласының жетекші мамандарын, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерін, медициналық жоғары оқу орындары мен үкіметтік емес сектор өкілдерін біріктірді.

Конференцияны ҚР ҰҒФО және Жаһандық қордың жобаларды іске асыру тобы ұйымдастырды. Қатысушылар туберкулёзбен күрестегі өзекті жетістіктер мен цифрлық шешімдерді, инфекцияны анықтау және емдеудің халықаралық тәжірибесін, дәріге төзімді түрлерін емдеудегі инновациялық тәсілдерді, сондай-ақ ауруды ерте анықтауда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлін талқылады.

Іс-шара аясында салтанатты рәсім өтіп, туберкулёзге қарсы қызметті дамытуға қосқан зор үлесі және көпжылдық жемісті еңбегі үшін Орталық Азиядағы KNCV өкілдігінің директоры Светлана Пак профессор құрметті атағы берілді. Оның еңбегін мойындау белгісі ретінде академиялық мантия табысталды.

Конференция гибридті форматта өтті, бұл елдің түрлі өңірлерінен мамандардың қатысуын кеңейтуге мүмкіндік берді – онлайн трансляцияға 80-нен астам адам қосылды.


Іс-шара Қазақстанның туберкулёзді жою мақсатына берік ұстанымын тағы бір мәрте айқындап, ғылым, практикалық денсаулық сақтау және халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктірді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)