ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алматыда ҮЕҰ өкілдеріне арналған 2 күндік семинар-тренинг басталды

2026 жылғы 24 ақпанда «Қауіп топтары арасында туберкулез жүктемесін төмендетудегі ҮЕҰ әлеуетін арттыру: тиімділіктің жаңа индикаторлары» тақырыбындағы оқыту басталды.

Тренингке Қазақстан Республикасында Жаһандық қордың (ГҚ) «Туберкулез» компоненті бойынша «шағын» гранттарды және туберкулез бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты (МӘТ) жүзеге асырып отырған 14 үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысуда.

Семинар бағдарламасында — Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны және ГҚ гранттарын іске асыру қорытындылары, ҮЕҰ тиімділігінің жаңа индикаторлары, ТБ бойынша МӘТ, OneImpact интеграциясы, ТБ анықтауға жасанды интеллектті енгізу, мониторинг және бағалау, кейстерді талдау және ТБ анықтау алгоритмдері бойынша практикалық жұмыс.

Негізгі мақсат — жаңа индикаторларды ескере отырып, ГҚ және МӘТ жобаларын жоспарлау мен іске асыру, ТБ бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты адвокациялау және ҮЕҰ жобаларының тиімділігін арттыру бағытында ҮЕҰ үйлестірушілерінің әлеуетін күшейту.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.

#ҮЕҰ #туберкулез #Қазақстан #StopTB #EndTB

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)