ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2023 жылдың 19 сәуір мен 25 сәуір аралығында ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мамандары Алматы облысына мониторинг сапарын ұйымдастырды.

2023 жылдың 19 сәуір мен 25 сәуір аралығында ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мамандары Алматы облысына мониторинг сапарын ұйымдастырды.

Алғашқы күні облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандарымен кездесу өтіп, жұмыс кестесі мен жоспары талқыланды. Мониторинг тобы облыстық ФПО-да, Талғар және Іле аудандарының орталық ауруханаларына, сондай-ақ Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасына, облыстық ЖИТС орталығына барады.

Сапар барысында ҚР ҰФҒО мамандары Алматы облыстық ФПО мен орталық аудандық аурухана науқастарына туберкулездің әралуан клиникалық түрі туралы кеңес берді. Клиникалық, радиологиялық және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне талдау жасалдв.

Өкпе хирургиясы бөлімінің хирургі Бектұрсынов Б. 6 науқасқа хирургиялық ота жасату туралы кеңес берді, өкпесінде қабырғасы жұқа қуыс өзгерістері бар 2 науқасқа эндоскопиялық клапандық бронхоблокация жасауды ұсынды. Өкпе жұмысында ақау бар басқа науқастар үшін хирургиялық емдеудің ВАТС өкпе резекциясы, ВТС лобэктомиясы, силикон имплантатын қолданатын торакомиопластика секілді минималды инвазивті әдістер ұсынылды.

ҚР ҰФҒО дифференциалды диагностика бөлімінің меңгерушісі Л.П.Егенова туберкулез болуы мүмкін науқастарға кеңес берді және дәріге сезімтал 11 науқастың жағдайын тексере келеемдеу режимін өзгертті.

Мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылдың 25 сәуірінде Алматы облыстық ДСБ басшысының, аудандық орталық аурухана басшылары мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен қорытынды кеңес өткізу жоспарланған.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)