ҚР ТБ бағдарламасындағы ТҚБ қауіпсіздігіне белсенді мониторинг бойынша тренинг
2026 жылғы 25–26 мамыр күндері ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында Жаһандық қордың 2026–2028 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша гранттық жобасы аясында «Туберкулезді емдеу қауіпсіздігіне белсенді мониторинг: өмірді сақтап қалатын басқарушылық шешімдер» тақырыбында тренинг өткізілуде.
Тренингке Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың фтизиопульмонология орталықтары басшыларының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасарлары қатысуда.

Екі күндік тренинг барысында басқарушылық құзыреттерді дамыту және емдеу қауіпсіздігіне белсенді мониторинг (ЕҚбМ) жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету арқылы туберкулезді емдеу тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар қатысушылар Қазақстан Республикасында 2024–2025 жылдары ЕҚбМ бойынша жүргізілген іс-шаралар мен жүйенің әлеуетіне жасалған талдау нәтижелерімен танысады.
Тренинг қорытындысы бойынша әр өңір деңгейінде ЕҚбМ жөніндегі жылдық жоспарларға өзгерістер енгізу бойынша іс-шаралар жоспарланып отыр. Сонымен қатар ЕҚбМ жүйесіне индикаторлық негізде тұрақты талдау жүргізу көзделген.