Павлодар облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізілді
2026 жылғы 24-28 тамыз аралығында Павлодар облысында ҚР ҰҒФО және ЖЖБ ГРП мамандары туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына жоспарлы мониторинг және бағалау (МиО) жүргізді.
Мониторинг аясында өңірдегі 10 медициналық және медициналық емес ұйымға бару ұйымдастырылды. Сапарлардың негізгі мақсаты — жергілікті мамандарға ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ туберкулездің алдын алу, анықтау, диагностикалау және емдеу бағыттарындағы жұмыстың сапасын бағалау.
Мониторинг барысында Павлодар облысындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жалпы өңір бойынша және жекелеген медициналық ұйымдар бөлінісінде зерделенді. Туберкулезді анықтау, диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша негізгі индикаторларға, сондай-ақ пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
28 тамызда мониторинг қорытындысы бойынша қорытынды кеңес өтті.
Кеңес 2026 жылдың 7 айындағы туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылу қорытындысы бойынша онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды.

Кеңеске Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Кучуков Е. Е. төрағалық етті. Іс-шараға ЖЖБ ГРП менеджері Исмаилов Ш. Ш., ОЦФ директоры Мусин Д. С., ҚР ҰҒФО және ЖЖБ ГРП мамандары, республикалық және облыстық мониторинг және бағалау топтарының өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары және алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының фтизиатр дәрігерлері қатысты.
Кеңес барысында облыстың медициналық ұйымдарында туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асырудың негізгі проблемалық мәселелері қаралды. Медициналық қызметкерлердің дайындық деңгейіне және олардың кәсіби құзыреттілігін одан әрі арттыру қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.
Жүргізілген супервизия қорытындысы бойынша мамандар түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеу және іске асыру жөнінде ұсынымдар берді.
Жоспарланған шараларды іске асыру медициналық көмектің сапасын арттыруға, туберкулездің алдын алу мен ерте анықтауды күшейтуге, сондай-ақ Павлодар облысындағы туберкулезге қарсы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.