ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу тәртібі

ҚР ДСМ Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында (бұдан әрі – ҰФҒО) 2024 жылы 29 қарашада  «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын  жүргізу тәртібі» атты семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес өткізудің мақсаты - мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесін арттыру,  мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, ішкі құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізу.

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын ҰФҒО-да іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша өткізілген семинар-кеңесте мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Ұ.С.Исаева мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу тәртібі туралы баяндама жасады. Мемлекеттік тілдегі ісқағаздарын жүргізу туралы презентация көрсетілді. Семинар-кеңеске ҰФҒО қызметкерлері қатысып, көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, оларға толық жауап алды.

 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)