Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ҚР ҰҒФО директоры Аденов М.М. сөз сөйлеп, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын атап өтті және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі конституциялық кепілдіктердің маңыздылығына тоқталды.
Күн тәртібінің жалғасы ретінде ғылым және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары Қауышевa А.А. баяндама жасап, денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды түсіндіруге арналған презентациялық материал ұсынды.
Баяндама барысында келесі негізгі мәселелер қамтылды:
- азаматтардың денсаулығын қорғау құқығы – негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтардың бірі ретінде;
- азаматтардың тікелей төлемінсіз медициналық көмек алу кепілдіктері;
- әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері, оның ішінде мемлекеттік бюджет, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
- жүйесі және өзге де көздер;
- денсаулық сақтаудың конституциялық құндылық ретіндегі басымдығы;
- мемлекеттік кепілдіктер шеңберінде медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы моделін сақтау.
Конституцияның жаңа редакциясы азаматтар үшін қосымша қаржылық міндеттемелер енгізуді көздемейтіні және мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемін қысқартуға әкелмейтіні ерекше атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды дұрыс түсіндіру мақсатында медициналық ұйымдар мен халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.