ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша туберкулез

2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсару үрдісі сақталуда.

2026 жылдың 5 айында Қазақстан Республикасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 13,1%-ға төмендеп, 100 мың халыққа шаққанда 28,6 құрады.

Туберкулездің таралу көрсеткіші 14,0%-ға төмендеп, 100 мың халыққа шаққанда 37,0 құрады.

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 25,0%-ға төмендеп, 100 мың халыққа шаққанда 0,7 құрады.

0-ден 17 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 5,7%-ға төмендеді.

Бұл ретте 2024 және 2025 жылдары 0-ден 17 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезден болатын өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.

Туберкулезбен ауыратын белсенді пациенттердің саны 16,4%-ға төмендеп, 6 806 адамды құрады.

Қазақстан Республикасында туберкулезді анықтау, диагностикалау және алдын алу кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

Туберкулезді 2 сағат ішінде анықтауға және дәріге төзімділігін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи жедел диагностикалық әдістер енгізілді.

ДДҰ ұсынған заманауи, қысқа мерзімді, жоғары тиімді және толықтай таблетка түріндегі емдеу режимдері қолданылады.

Дәріге сезімтал және дәріге төзімді туберкулезді емдеудің тиімділігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына жетті.

Туберкулез инфекциясының алдын алудың қысқа мерзімді профилактикалық емдеу режимдерін қоса алғанда, профилактикалық бағыт белсенді дамуда. Балалар арасында туберкулез инфекциясының профилактикалық емімен қамту 90%-ға, ал ересектер арасында 88%-ға жетті. Бұл ретте профилактикалық емдеудің тиімділігі 92,8%-ды құрады.

Пациентке бағдарланған тәсілдерге ерекше көңіл бөлінуде. Амбулаториялық емдеу кеңейтіліп, смартфондарды пайдалану арқылы бейнебақылаумен емдеу енгізілді.

2026 жылдың 5 айында пациенттердің 70%-ы емдеудің алғашқы күнінен бастап амбулаториялық емдеуде болды. Оның ішінде 39,2%-ы бейнебақылау арқылы ем қабылдады, 57,5%-ы тікелей бақыланатын емдеу кабинеттерінде емделді, тағы 3,3%-ы күндізгі стационар жағдайында және мобильді бригада көмегімен ем қабылдады.

Мұның барлығы пациенттердің емге бейімділігін сақтап, емдеу курсын сәтті аяқтауына мүмкіндік береді.

Амбулаториялық ем қабылдайтын пациенттердің 95%-дан астамы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған.

Туберкулез – ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық ауру. Алайда оны уақтылы анықтап, дұрыс емдеген жағдайда толық емдеуге болады. Мемлекеттің басты мақсаты – туберкулезді қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі ретінде жою және елдегі тұрақты оң динамиканы сақтау.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)